"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Республика күніне арналған шығарма байқауы: Отанға деген сүйіспеншілік әр сөзде».

17.10.2025

Республика күні – бұл мереке халық бірлігінің маңыздылығын, Қазақстанда өмір сүретін түрлі этностар арасындағы байланыстарды нығайтуды және дәстүрлі құндылықтарды сақтауды айқындайды.

Республика күні мерекесін атап өту қарсаңында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес қазақ және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері «Тәуелсіз ел – Қазақстан!» атты шығарма байқауын өткізді.

Байқаудың негізгі тақырыбы – Қазақстанның тарихы, жетістіктері және тәуелсіз мемлекет ретіндегі болашағы.

Мақсаты:

  • Қазақстанның тарихына және мемлекеттік дамуына қызығушылықты арттыру;

  • елдің жетістіктеріне назар аударту;

  • патриоттық сезімді тәрбиелеу, егемен Қазақстан мәдениетін зерделеу арқылы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

  • оқушылардың эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбиесін және зияткерлік қабілеттерін дамыту.

Байқауға қатысу арқылы оқушылар өз қабілеттерін танытып, әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік алды.

Байқау қорытындысы:
9-сынып оқушылары:
– Токушева Адемa – 1 орын,
– Ахметова Айша – 1 орын,
– Бадретдинов Кирилл – 2 орын,
– Скочилова Елена – 2 орын,
– Бабин Роман – 3 орын,
– Герасимова Валерия – 3 орын.

11-сынып оқушылары:
– Баймагамбетов Алихан – 1 орын,
– Астафурова Валерия – 2 орын.

Жетекшілер: қазақ және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Мұқанова Гүлнара Аманжолқызы, Кушербаева Ирина Юрьевна, Орынбасар Қарлығаш Ғалымжанқызы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!

Біздің Қазақстан – керемет сұлулығы, таңғажайып табиғаты, көптеген көрікті жерлері және дамып келе жатқан инфрақұрылымымен ерекшеленетін ел. Отан – адамның өміріндегі терең мәнге ие ұғым, адам туған жерінің тағдырына рухани әрі материалдық тұрғыда қатыстылығын сезінеді. Біз ортақ тарихымызды сезіне отырып, еліміздің халықаралық аренадағы жетістіктерімен мақтанамыз.

#адалазамат
#республикакүні
#менпатриотпын
#мереке
#республикакүнімен
#деньреспублики
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405

Просмотров: 54


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст