Нан – молшылық пен мейірімділіктің символы. Уақыт өзгерсе де, нанға деген құрмет ешқашан жоғалған емес. Қазақстанда да, әлемнің көптеген елдерінде сияқты, 16 қазан – Дүниежүзілік нан күні аталып өтеді. Бұл мереке Қазақстанда 2019 жылғы 16 қыркүйектегі Үкімет қаулысымен ресми түрде бекітілді. Оның мақсаты – диқаншылардың, диірменшілердің, наубайшылардың және саланың басқа да қызметкерлерінің еңбегін мойындау, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігі үшін нанның маңыздылығын атап көрсету.
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес аграрлық және азық-түлік саласындағы мамандықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар өтті.
Мақсаты: нан мен астық өндіруге қатысы бар адамдардың еңбегін құрметтеу мен мойындау; нанның – тағам өнімдерінің ішіндегі ең маңыздысы әрі тоқшылықтың, берекенің нышаны екенін айқындау.
Елімізде жыл сайын ішкі тұтынуды қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа шығаруға мүмкіндік беретін мол астық жиналады. Нанға деген құрмет дәстүрі бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Көптеген еңбек түрлері мен техниканың үйлесімді жұмысының арқасында нан – дән себуден бастап, егін жинау, ұн және нан өнімдерін өндіру сияқты ұзақ жолдан өтіп, дастарханымыздың басты асына айналады.
Барлық наубайшыларға, диқандарға адал да қадірлі еңбектері үшін алғыс айтамыз! Еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni




