15.10.2025
О, Қазақстан, қандай ұлысың!
Мен сені ұлан-ғайыр далаларың, асқар тауларың, өзен-көлдерің үшін сүйемін.
Себебі сен – менің Отанымсың!
Республика күні мерекесі жақындап келеді. Осы айтулы датаға орай Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 1–4 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз ел – Қазақстан!» атты сурет және аппликация байқауы өтті.
Мақсаты мен міндеттері:
Өскелең ұрпақ бойында патриотизм, ұлттық сана-сезім мен азаматтықты тәрбиелеу;
Отанға деген мақтаныш сезімін, басқа мәдениеттер мен дәстүрлерге құрметті қалыптастыру;
Тарихи жад пен ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
Эстетикалық талғамды, шығармашылық ойлауды, қиялды және көркемдік қабілеттерді дамыту.
Байқау барысында келесі тақырыптар қамтылды:
«Менің Отаным – Қазақстан», «Халықтар достығы», «Жер балалар достығы», «Бейбітшілік нышаны», «Табиғатты қорғау» және т.б.
Оқушылар өз туындыларын түрлі техникада орындады (сурет, аппликация, фотоколлаж). Балалар шабытпен және сүйіспеншілікпен туған жердің әсем табиғатын, ел тәуелсіздігі мен бірлігінің нышандарын бейнеледі.
Әрбір жұмыс – Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныштың кішкентай көрінісі болды.
#адалазамат
#республикакүні
#менпатриотпын
#мереке
#республикакүнімен
#деньреспублики
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni