"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отанға деген сүйіспеншілік туған жерге деген махаббаттан басталады».

15.10.2025

Бақытқа апарар жолдың бірі – бәрі де туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталатынын түсіндіру. Қазақстан Республикасының күніне орай, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің тарих және құқық пәні мұғалімдері оқушылардың назарына Қазақстанның мұражайлары мен киелі жерлеріне арналған виртуалды танымдық экскурсиялар ұсынды.

Мақсаты мен міндеттері:
Оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру (өз туған жерін, елін, халқын қадірлеу); дүниетанымын кеңейту; патриотизм мен адамгершілік құндылықтарын дамыту; елдің тарихы мен мәдениетімен таныстыру.

Экскурсия барысында таныстырылған нысандар:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы (Астана): Қазақстанның тарихы, саясаты, экономикасы, мәдениеті мен өнерін көрсетеді.

  • Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы (Алматы): көркем мұраларды ұсынады.

  • Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы (Алматы): қазақтың музыкалық аспаптарымен таныстырады.

  • «АЛЖИР» мұражайы (Астана): саяси қуғын-сүргін тарихына арналған.

  • Қазақстанның әскери-тарихи мұражайы (Астана).

  • Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (Түркістан): сәулет өнерінің озық үлгісі және зиярат орны.

  • Бекет-ата жерасты мешіті (Маңғыстау облысы): қасиетті орындардың бірі.

  • Ұлытау таулары: қазақ мемлекеттілігінің тарихымен байланысты тарихи-мәдени кешен.

  • Отпантау тарихи-мәдени кешені: ежелгі қоныс орнында орналасқан ескерткіш.

  • Айша-бибі кесенесі (Тараз): аңызға байланысты мемориалдық кесене.

  • Отырар қалашығы: ортағасырлық ірі қаланың орны.

  • «Таңбалы» қорық-мұражайы: ашық аспан астындағы петроглифтері бар мұражай.

Сонымен қатар, экскурсия барысында табиғи көрікті жерлер де қамтылды, олар көбіне киелі орындар мен мәдени мұра нысандары болып табылады.

#адал_азамат
#республикакүні
#менпатриотпын
#мереке
#республикакүнімен
#деньреспублики
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni

 
 
Просмотров: 38

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст