Бүгін Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де бастауыш сыныптар онкүндігі «Бастауыш мектептегі инновациялық технологиялар» тақырыбымен басталды.
Бастауыш сыныптар онкүндігі жыл сайын әдістемелік жұмыс жоспары аясында өткізіліп, бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылады.
Онкүндіктің ашылу жиынында әдістемелік бірлестік жетекшісі Жолдығазинова Г.К. құттықтап, жұмыс жоспарымен таныстырды.
Онкүндік аясындағы іс-шаралар бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің ең дәстүрлі, мазмұнды және нәтижелі бағыттарының бірі болып табылады.
Барша ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni