Балалар мен жасөспірімдердің цифрлық және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кибербуллингтің, интернетке тәуелділіктің және онлайн ортадағы деструктивті ықпалдардың алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде «Балалардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жүйесін ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-ресурстық сүйемелдеу» бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырмасын орындау мақсатында «Өркен» балалардың әл-ауқаты ұлттық ғылыми-практикалық институтының бастамасымен КГУ «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінің» оқушылары мен педагогтары «Желідегі қауіпсіздік» челленджіне белсенді қатысты.
Челлендждің мақсаты – балалар мен жасөспірімдерде цифрлық, физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты әрі саналы көзқарасты қалыптастыру, интернет кеңістігінде және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер ортасында достық, сенім және өзара көмек құндылықтарын нығайту.
Міндеттері:
оқушылардың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және интернет пен әлеуметтік желілерді пайдалануға байланысты тәуекелдер туралы хабардарлығын күшейту;
балалар мен жасөспірімдерде онлайн ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке деректерін қорғау және интернет-қатерлерді тану қабілеттерін дамыту;
балаларды оң белсенділік түрлеріне тарту арқылы кибербуллингтің, интернетке тәуелділіктің және деструктивті онлайн ықпалдың алдын алу;
цифрлық кеңістікте жауапты және этикалық қарым-қатынас мәдениетін дамыту;
мектеп, ата-аналар және мамандар арасында балалардың интернеттегі қауіпсіздігі мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту;
оқушылар арасында достық, өзара құрмет және өзара көмек құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету.
#ЖелідегіҚауіпсіздік2025
#БезопасностьВСети2025
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Kurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni