"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Челлендж «Желідегі қауіпсіздік»

13.10.2025

Интернет – дамудың құралы: оны оқыту, шығармашылық және өзін-өзі дамыту үшін пайдалану керек, деструктивті әрекеттер үшін емес. Интернетті саналы пайдалану: цифрлық кеңістіктің адамның өміріне, мінез-құлқына және эмоционалды жағдайына қалай әсер ететінін түсіну маңызды. Балалар мен жасөспірімдердің цифрлық және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кибербуллингтің, интернетке тәуелділіктің және онлайн ортадағы деструктивті ықпалдардың алдын алу мақсатында КГУ «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Желідегі қауіпсіздік» челленджі бастау алды.

Челлендждің мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында цифрлық, физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен және саналы көзқарасты қалыптастыру, интернет кеңістігінде және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту, сондай-ақ достық, сенім және өзара көмек құндылықтарын нығайту.

Желідегі қауіпсіздік өзіңнен басталады: әркім онлайн ортадағы өз әрекеттері үшін жеке жауапкершілікке ие.

#ЖелідегіҚауіпсіздік2025
#БезопасностьВСети2025
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Kurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni

 
 
 
Просмотров: 60

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст