"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бағдар беру сағаты «Еңбек нарығы» тақырыбында.

10.10.2025

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында, бекітілген жоспарға сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты КГУ «Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінің» кәсіптік бағдар беру жетекшісі «Еңбек нарығы» тақырыбында кәсіптік бағдар беру сағатын өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар қазіргі еңбек нарығының жағдайымен, сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылармен, сондай-ақ мансаптық таңдауға әсер ететін факторлармен танысты. Әсіресе IT саласы мамандары, инженерлер, аналитиктер мен медицина қызметкерлеріне деген сұраныс атап өтілді.
Оқушылар еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін талқылап, түрлі салалардың даму үрдістерін зерттеді, мамандықтарға деген сұранысты саралап, саналы кәсіби таңдау жасаудың маңызын түсінді.
Сабақ барысында мынадай сұрақтар қарастырылды: еңбек нарығы дегеніміз не; сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар (жақын болашақта қажет болатын, табысты мансап үшін маңызды дағдылар); еңбек нарығына әсер ететін факторлар; еңбек нарығын талдау (стандартты жағдайлар мен мамандарға қойылатын талаптар); алынған ақпаратты өз мүдделері мен қабілеттеріне сай мамандық таңдауда қалай тиімді қолдануға болады.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni

Просмотров: 121

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст