"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ДосболLIKE: достасуға, түсінуге және көшбасшы болуға үйренеміз»

09.10.2025

«Барлығын жүрегіңмен тексер»
Абай Құнанбайұлы — қазақ халқының ұлы ағартушысы, ақын, философ, сазгер, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

«ДосболLIKE» жобасының буллингтің (қорлаудың) алдын алу бойынша жоспарына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде бірқатар іс-шаралар өтті.

2-сыныптарда «Мен + Сен = Біз» / «Менің тату сыныбым және мен оның мүшесімін» атты іс-шара өткізілді.
Мақсаты: тату сынып ұжымын қалыптастыру.
Нәтижелері: оқушылардың достыққа ұмтылуы, айналасындағылармен қарым-қатынаста ізеттілік танытуы, сыныптастарымен өзара әрекеттесуде достық қасиеттерін көрсетуі; достардың адам өміріндегі рөлі, нағыз достың қасиеттері және достықтағы мінез-құлық ережелері туралы түсінік қалыптасты.

6-сыныптарда «Қақтығысты басқару өнері» / «Мен және басқалар» тақырыбында сабақтар өтті.
Мақсаты: қақтығыстардың табиғатын, олардың тұлғаға әсерін және шешу жолдарын зерттеу.
Нәтижелері: оқушылардың қақтығыстардың туындауына әсер ететін факторлар туралы түсінігін кеңейту; құрдастар ортасында сындарлы қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту; қақтығыстан өмірлік сабақ ала білу қабілетін қалыптастыру; келісім мен татулыққа ұмтылу қасиеттерін дамыту.

10-сыныпта «Шабыттандыратын лидер» / «Лидер – ол кім?» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
Нәтижелері: өз көшбасшылық және ұйымдастырушылық әлеуетін дамыту әдістерін меңгеруге ұмтылыс; лидерліктің мәні мен басты қасиеттері туралы түсінік; өзін-өзі дамыту мысалдары арқылы көшбасшылық әлеуетін жүзеге асыруға дайындық.

«ДосболLIKE» бағдарламасының мазмұны:

  • Оқушылардың қақтығыстарға сындарлы жауап беру дағдыларын қалыптастыру;

  • Әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды дамыту;

  • Аралық және топаралық қатынастарды оңтайландыру;

  • Балалардың субъективті әл-ауқат деңгейін арттыру;

  • Әр бала өзін қауіпсіз сезінетін, өсіп, дамитын орта құру.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni

 

 
 
Просмотров: 149

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст