"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ойынға тәуелділіктің алдын алу: саналы түрде ойнайық».

07.10.2025

«Ойынға салауатты көзқарас» – бұл ойынға саналы және бақылауда болатын қатысу, мұнда ойын адамның өмірінде проблемаға айналмайды.
Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Ойынға салауатты көзқарас» / «Здоровый подход к игре» (лудоманияның алдын алу) тақырыбында іс-шаралар өткізілді.

Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері:
– оқушылардың құмар ойындардың адам психикасына зияны, олардың өмір мен денсаулыққа тигізетін теріс әсері туралы білімін кеңейту;
– лудомания мәселесін саналы түрде түсінуге ықпал ету, сыни ойлау қабілетін және пайдалы ойын мен тәуелділікті ажырату дағдыларын қалыптастыру;
– адамгершілік мәдениетін, салауатты өмір салтына оң көзқарасты тәрбиелеу, өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі бағалауды арттыруға ынталандыру;
– лудоманияға теріс көзқарас қалыптастыру және оның зиянды салдарын түсіну.

Ойынға салауатты көзқарастың негізгі қағидалары:
– құмар ойындарды табыс табу немесе мәселені шешу тәсілі ретінде қабылдамау;
– ойын уақытына нақты шектеу қою және оны бұзбау;
– бос уақытты басқа пайдалы істермен өткізу – хобби, спорт, кітап оқу, әлеуметтік іс-шараларға қатысу.

Өткізілген іс-шаралар лудоманияның алдын алуға бағытталған, оқушыларға ойынның пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі және тәуелділіктен сақтану үшін ойынға салауатты көзқарас ұстанудың маңыздылығын көрсетеді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni

Просмотров: 197

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст