Жақсы ұстаз – адамдардың ойы мен ісінде өмір сүреді. Сол себепті әр адам өз мектебін, рухани тәлімгері – ұстаздарын ерекше алғыс сезімімен еске алады.
Бүгін Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Ұстаз – бұл есімнің қадірі шексіз…» атты Мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Бұл күн – мектептегі Өзін-өзі басқару күні, яғни жоғары сынып оқушыларының сабақ өткізіп, әкімшілік қызметтерді атқару арқылы өзін мұғалім ретінде сынап көруге мүмкіндік алатын ерекше күн. Ұстаз-дублерлер бұл күнге алдын ала дайындалып, сабақ жоспарларын құрып, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің міндеттерін өз мойнына алды.
Мұғалімдерге арналған мерекелік концертке педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды. Концерт барысында мектеп директоры Мусина Г.К., педагогикалық еңбек ардагері Мищенко Г.В. және мектеп оқушылары құттықтау сөз сөйледі. Оқушылар ұстаздарына өлең, ән, би арқылы алғыстарын білдірсе, ұстаздар мен оқушылардың бірлескен әндері шырқалды. Мұғалімдерге оқушылар мен ата-аналардан жылы лебіздер мен алғыс сөздері айтылды.
Бұл тамаша күні балалар жауапкершілікті сезініп, ұйымдастырушылық қабілеттерін байқаса, ұстаздар демалып, өз шәкірттерін жаңа қырынан тамашалады.
Іс-шараның мақсаты – Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шаралар арқылы мектеп ұжымын біріктіру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұстаз мамандығына деген алғыс пен құрмет сезімін қалыптастыру.
Мектептің безендірілуі, музыкалық сүйемелдеу және жалпы мерекелік атмосфера көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
#МұғалімКүні2025
#ДеньУчителя2025
#МұғалімімеМыңАлғыс
#СпасибоВам
#Ұстазыңдықұттықта
#ПоздравьУчителя
#День_учителя
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni