"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өрт шыққан жағдайда іс-әрекеттер».

02.10.2025

Адам өмірі мен денсаулығына электр энергиясының қаупі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімінің «Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектебінде» «Өрт болған жағдайда іс-әрекет» тақырыбында іс-шаралар өткізілді.

Қойылған мақсаттар мен міндеттер: оқушылардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру; оқушылардың өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша білімдерін бекіту; қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтау; өрт шыққан жағдайда дұрыс іс-әрекеттермен таныстыру, өрттің шығу себептері мен салдарларын түсіндіру; ережелерді есте сақтау, жағдайларды талдау арқылы оқушылардың жадын дамыту; өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға ұмтылысын тәрбиелеу.

Іс-шара барысында қарастырылғандар: өрт кезінде өзін қалай ұстау және әрекет ету керек, от құрбаны болмас үшін қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет, өртті байқаған кездегі іс-әрекет тәртібі, өрт сөндіру қызметін 101 немесе 112 телефондары арқылы шақыру, өрт тараған жағдайда эвакуация ережелері, өрттің алдын алу үшін қандай шаралар жасау керек, өрттің болдырмауға көмектесетін қарапайым ережелерді еске түсіру, өрт сөндіру қалқанындағы барлық құралдармен танысу, өрт кезінде не істеуге қатаң болмайтынын білу және т.б.

«Әрбір азамат білуі тиіс – Өрт сөндіру нөмірі – 101».

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni

Просмотров: 160


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст