"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«А.Есбаевқа 100 жыл: Ұрпақтарды шабыттандырған музыка».

01.10.2025

Әндері мен әуендері өшпес із қалдырған А.Есбаевтың музыкасы жаңа буын музыканттары мен тыңдармандарын шабыттандырып, ұлттық мұраға деген сүйіспеншілікті нығайтып келеді. Қазақстан мәдениетіне өлшеусіз әрі өшпес үлес қосқан композитор Аблахат Есбаевтың туғанына 2025 жылы 100 жыл толады. Ол 1925 жылдың 25 қарашасында дүниеге келген. Осы айтулы датаға орай, Мұғалімдер күніне арналған онкүндік аясында КГУ «Жолымбет орта мектебі» Шортанды ауданы білім бөлімі, Ақмола облысы білім басқармасының музыка пәнінің мұғалімі іс-шаралар өткізді.

Іс-шара барысында оқушылардың назарына композитор Аблахат Есбаевтың өмірі мен мұрасы туралы баспасөз беттеріндегі және ғылыми еңбектердегі деректер негізінде дайындалған презентация ұсынылды.

Өмірбаяны: Ұлы Отан соғысына қатысушы, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 1951–1953 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқыған.

Шығармашылығы: Вокалдық музыка жанрында еңбек еткен (әндер, романс, баллада, хорлар). 240-қа жуық ән мен романс, 8 спектакльге музыка авторы. Республикалық ән байқауларының бірнеше дүркін лауреаты, Бүкілодақтық байқау лауреаты (Ж.Жабаевтың сөзіне жазылған «Одағым – бақытымның отаны» әні үшін, 1972 ж.). Алматы қаласында оның есімі берілген көше бар.

Композитор Аблахат Есбаевтың шығармалары бүгінге дейін орындалып, музыканттарға шабыт сыйлап келеді және уақыт сынынан өтіп өзектілігін жоғалтқан жоқ. Оның еңбегі – Қазақстан мәдениетінің берік іргетасы болып, қазіргі өнердің дамуына негіз қалады. Ұлы композитордың дәстүрін жалғастырып, ұлттық музыкалық мұраны сақтап, дамыту – әрқайсымыздың борышымыз.

#Ұстазкүні
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni

Просмотров: 220


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст