«Егер біз сау болсақ – біздің болашағымыз жарқын!».
Мектептегі спорттық ойындар күні – бұл салауатты өмір салтын насихаттауға, ұжымдық бірлікті арттыруға және оқушылардың дене шынықтыру дағдыларын командалық ойындар мен жарыстар арқылы дамытуға бағытталған спорттық іс-шара.
«Өмірге салауатты қадам» жобасы аясында Ақмола облысы Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектебінде «Денсаулық – зор байлық» атты спорттық ойындарға арналған іс-шаралар өтті. Олар салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға бағытталды.
Оқушылар спорттық ойындарға қатысып, белсенді жаттығулар орындады және тағы да денсаулықтың маңыздылығын сезінді.
Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, әр балаға өз күшін сынауға мүмкіндік беру; спорттық ойындар арқылы дене белсенділігін арттыруға ықпал ету, мәдени-ұлттық компонентті қолдану; спортпен белсенді шұғылдануға қызығушылықты арттыру, оқушылардың дене қасиеттерін дамыту.
Іс-шара барысында көңілді старттар, эстафеталар және ойын түрінде өткізілген басқа да белсенді ойындар ұйымдастырылды. Дене шынықтырумен айналысу пайдалы, ал көңілді дене шынықтыру – екі есе пайдалы. Өйткені спорт – жақсы көңіл-күй мен мықты денсаулықтың кепілі.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni