"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кәсіптік бағдар: жолды таңдау және өзін-өзі анықтау».

29.09.2025

Өмірлік жоспар – адамның қалаған өмір салты туралы, яғни әлеуметтік, кәсіби, отбасылық мәртебесі жайлы, сондай-ақ оған қол жеткізудің жолдары мен тәсілдері туралы түсінігі.
Кәсіби жоспар – таңдалған еңбек қызметі саласы, болашақ мамандықты меңгеру жолдары туралы негізделген көзқарас.

Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында, әзірленген жоспарға сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектептің кәсіби бағдар берушісі жоғарғы сынып оқушылары арасында «Менің кәсіби және өмірлік жоспарларым» атты кәсіби бағдар сағатын өткізді.

Мақсаты мен міндеттері:

  • оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау;

  • әртүрлі мамандықтар және еңбек нарығымен таныстыру;

  • оқушылардың өз мықты жақтарын, қызығушылықтары мен қалауларын түсінуін дамыту;

  • жеке қалауымен қатар еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін ескере отырып, саналы түрде білім беру траекториясын таңдауға және болашаққа жеке жоспар құруға көмектесу;

  • өзін-өзі анықтауға ықпал ететін жеке білім беру және өмірлік жоспар құру.

Іс-шараның негізгі кезеңдері:

  1. Кәсіби ағарту – түрлі мамандықтар, олардың мазмұны, талаптары мен болашағы туралы ақпарат беру;

  2. Еңбек нарығымен танысу – еңбек нарығындағы қазіргі үрдістерді, сұранысқа ие мамандықтар мен дағдыларды зерттеу;

  3. Кеңес беру және қолдау – оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін нақты еңбек нарығындағы мүмкіндіктермен салыстыруға, жеке ерекшеліктері мен нарықтық тенденцияларды ескере отырып, дұрыс жол таңдауға көмектесу;

  4. Жеке жоспар құру – кәсіби және өмірлік мақсаттарға жету үшін нақты іс-қимыл жоспарын жасауға бағыттау.

Адам өзін-өзі басқара білу үшін, алдымен өзін тани білуі қажет – өз қажеттіліктері мен қабілеттеріне, құмарлықтары мен мінез-құлқындағы уәждерге, сезімдері мен ойларына саналы түрде қарау керек.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni

Просмотров: 73


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст