Қазақстанда 2025 жыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша ресми түрде Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні аталып өтеді. Бұл мереке – еңбек мамандықтарына құрмет дәстүрін қайта жандандыруға және жастайынан еңбектің маңыздылығын ұғындыруға бағытталған.
Адал еңбек – бұл тек өз міндеттеріңді орындау ғана емес, сонымен бірге ар-ұжданмен әрекет ету, өзгенің еңбегіне құрметпен қарау және жауапкершілік сезіну. Әрбір еңбек құрметке лайық, ал еңбекке адал көзқарас – табыстың және ішкі тыныштықтың кепілі.
Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, «Адал азамат» бағдарламасы және «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде Еңбек күніне орай «Еңбек түбі – береке» іс-шаралары өткізілді. Мақсаты – оқушылардың бойында адал еңбектің жеке бақуаттылықтың қайнар көзі екендігі жөнінде түсінік қалыптастыру, өзгенің еңбегін құрметтеу мен жеке іс-әрекетіне жауапкершілік сезімін дарыту.
«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» ұстанымына негізделген басты мақсат – оқушылардың санасында «адалдық» ұғымын қалыптастыру, еңбек ету қажеттілігін түсіну, еңбектің өмірдің негізі екендігін ұғындыру.
Міндеттері:
«Адал еңбек» ұғымын қалыптастыру;
адамгершілік-этикалық түсініктерді дамыту;
еңбекке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
еңбекке қатысты мақал-мәтелдердің мәнін түсіну.
Іс-шаралар барысында:
еңбектің адам өмірі мен қоғамдағы рөлі жайында пікірталастар мен әңгімелер өткізілді;
адал және адал емес еңбекке қатысты жағдайлар талданды;
мамандық таңдау мәселесі мен қазіргі әлемдегі еңбектің маңызы талқыланды;
«Мақалды аяқта» атты ойын түрлері арқылы еңбектің мәні бекітілді;
тақырыптық презентациялар қарастырылды.
Осындай іс-шаралар оқушыларға еңбектің тек табыс табу жолы ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі жүзеге асырудың, әрбір адамның өміріндегі маңызды құрамдас бөлігі екенін түсінуге көмектеседі.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni