"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ДосболLIKE: Өзіңді қорғау мен өзгеге құрмет көрсетуді үйренеміз».

29.09.2025

«Ақылды бол, күресте рухыңды шыңда, тек қабілетсіз ғана тағдырға мойынсұнады». Абай Құнанбаев.

«ДосболLIKE» жұмыс жоспарына сәйкес (буллингтің алдын алу бағытында) Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде «Стресс – жау ма, әлде дос па?» және «Қақтығысты басқару өнері» жобалары аясында «Мен және стресс», «Жеке шекара дегеніміз не және ол не үшін қажет?» атты іс-шаралар өткізілді.

Мақсаттары мен міндеттері:

  • жеке даралықты сезінуді және өзін-өзі дамытудың қажеттілігін қалыптастыру;

  • оқушыларды жеке шекара ұғымымен таныстыру, физикалық, эмоционалдық және психологиялық шекараларды ажырата білуге үйрету;

  • жеке шекара ұғымын енгізу, негізгі түрлерімен таныстыру;

  • өз шекарасын қорғау және өзгенің шекарасын құрметтеу дағдысын дамыту;

  • қауіпсіз әрі сенімді атмосфераның маңыздылығын түсіндіру.

Іс-шара барысында өткізілгендер:

  • талқылау элементтері бар әңгіме;

  • топты біріктіру жаттығулары «Бір-бірімізбен амандасу»;

  • «Стресстің туындау себептерін талдау»;

  • карточкалармен жұмыс;

  • ақпараттық блок;

  • жұппен жұмыс «Бізді қоршаған шекаралар»;

  • мини-лекция + визуализация;

  • рөлдік ойын «Өз шекарамды айтамын».

Нәтиже: оқушылар стрессқа төзімділікті өз денсаулығына да, қоршаған ортасына да зиян келтірмей елеулі эмоционалды және еріктік жүктемелерді көтеруге мүмкіндік беретін қасиет ретінде түсінді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni

Просмотров: 54


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст