Таза мектеп – тату мектеп!
Бүгін Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де оқу орны аумағын абаттандыруға бағытталған күзгі сенбілік өтті. Бұл іс-шара білім ордасындағы тазалық пен тәртіпті сақтауда маңызды рөл атқарады.
Негізгі мақсат – мектеп аумағының санитарлық-экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосу және жайлы орта қалыптастыру. Мектептің педагогтары мен оқушылары жиналған жапырақтарды, қоқыстарды, қураған шөптерді жинау жұмыстарына белсене қатысты.
Ортақ еңбек – бірлікті нығайтып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. Сенбілікке қатысу оқушыларға қоршаған орта мен өз мектебіне қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Ортақ күш-жігердің арқасында мектеп аумағы жаңарып, бұрынғыдан да жайлы бола түсті!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni