2025–2026 жаңа оқу жылында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де тәрбие жұмысы «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушылардың адамгершілік құндылықтарын нығайту және оларды саналы да жауапты азамат ретінде қалыптастыру.
ЦППР мен Кәсіби өсу мектебі жұмысы аясында 25 қыркүйек күні «Жауапты ата-ана, қолдаушы педагог және қауіпсіз мектеп» тақырыбында сынып ата-аналар комитеттерімен кездесу өтті. Ата-аналар қауымдастығымен өзара әрекеттесудің жаңа форматының мақсаты мен міндеттері: жауапты әрі позитивті ата-аналықты қалыптастыруға ықпал ету; балалардың тәрбиесіне ата-аналар комитеттерінің белсенділігін арттыру; ата-аналарды мектептің өміріне тарту; ата-аналар комитеттерінің қызметін нормативтік тұрғыдан жетілдіру; құрылымын, мақсаттары мен міндеттерін жаңғырту; «Ата-ана–Оқушы–Мектеп» жаңа форматына көшу; ата-аналар жиналыстарын жаңа үлгіде ұйымдастыру.
Кездесу барысында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ата-аналар назарына 2025–2026 оқу жылындағы мектептегі тәрбие жұмысының жүзеге асырылуы, ата-аналар комитеттерін трансформациялау (ЦППР жұмысы, «ДосболLAIKE» антибуллингтік бағдарламасын енгізу, Жеке қауіпсіздік сабақтары, кәсіби бағдар беру жұмыстары және т.б.) туралы презентация ұсынды.
Ата-аналардың жауапкершілігі мен басым міндеттері қарастырылды: баланың өмірі мен денсаулығын сақтау; отбасылық құндылықтарды дарыту; баланың оқушы ретіндегі міндеттерін орындауына жағдай жасау; жеке үлгі арқылы тәрбиелеу; зиянды әдеттер мен қауіпті әуестіктердің алдын алу.
Мектептің педагог-психологы «Менің отбасым» атты тренинг өткізді. Кездесу соңында мектеп әкімшілігіне қолдау көрсететін, мектеп жағдайын жақсартуға көмектесетін, мектептің жалпы іс-шараларын ұйымдастыруға және тәрбиелік міндеттерді шешуге атсалысатын жалпы мектептік ата-аналар комитеті дауыс беру арқылы сайланды.
Баршаңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni