Адамдардың жеке қауіпсіздігі – бүгінгі күннің басты басымдығы.
Антитеррористік тәрбие беру аясында, Ақмола облысы Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты КГУ «Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектебінде» оқушылар арасында «Антитеррористік қорғалу» / «Гуманизм және толеранттылық» тақырыптарында іс-шаралар өткізілді.
Бұл іс-шаралардың мақсаты – оқушыларға гуманизмнің (адам тұлғасына құрмет) және толеранттылықтың (өзгеше пікірлерге, өмір салтына және мәдениетке төзімділік) маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ құрмет, қабылдау және бейбітсүйгіштік сияқты қасиеттерді тәрбиелеу; қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу дағдыларын дамыту және айналамен позитивті қарым-қатынас орнату; жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған құқықтық білімді насихаттау.
Негізгі идеялар мен міндеттер:
ұғымдармен таныстыру;
адамгершілік қасиеттерін дамыту;
ашық қоғам құру;
бейбіт қарым-қатынас тәсілдеріне үйрету;
оқушылардың қазіргі заманның жаһандық проблемалары туралы білімін тереңдету;
экстремизм мен терроризмнің себептері мен мақсаттарын анықтау;
осы мәселенің шешу жолдарын іздеу.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарды экстремистік және террористік әрекеттерге тарту, экстремистік материалдарды тарату, сондай-ақ бұл санаттағы қылмыстар үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, толерантты қарым-қатынас кодексі, өмір мен тарихтан алынған мысалдар қарастырылды; топтық пікірталастар мен рөлдік ойындар өткізілді, тақырыптық бейнематериалдар көрсетіліп, талқыланды.
Қорытынды: қауіпті алдын ала болжау; мүмкіндігінше одан сақтану; қажет болған жағдайда әрекет ету; өзгелерге толерантты болу.
#Адалазамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni