"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: ата-аналар, мектеп және қоғамның ортақ жауапкершілігі".

23.09.2025

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – балалардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі. Бұл мәселе үлкен алаңдаушылық туғызуда, себебі кейде балалар интернетте өміріне қауіп төндіретін түрлі жағымсыз жағдайларға тап болады. Бұл – әрқайсымыздан сергектік пен жауапкершілік талап ететін отбасылық, мектептік және қоғамдық ортақ мәселе.

Осыған байланысты, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебінде ППҚК (Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі) жұмысы аясында педагогикалық ұжыммен кезекті кеңес, «Баланың қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті» атты ата-аналар жиналыстары және оқушылармен әңгімелер өткізілді. Сондай-ақ оқушыларға WhatsApp платформасы арқылы онлайн форматта жадынамалар таратылды.

Күн тәртібінде: балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру; ата-аналардың балалардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыру мәселелері қаралды.

Соңғы уақытта балалар мен жасөспірімдерге психикалық және физикалық қауіп төндіретін, оларды манипуляциялауға бағытталған қауіпті онлайн ойындар мен топтар саны артты. Бұл – тек отбасы үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін де трагедия.

Балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Заң және тәртіп» құндылығы аясында бірнеше алдын алу шаралары мен әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда:
«Цифрлық әлемдегі қауіпсіз қадамдар»,
«Буллингтен қорғану»,
«Қауіпсіз қоғам»,
«Қоғамдық мүлікті сақтау»,
«Салауатты өмір салты»
және т.б.

Әрбір ата-ана өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік желілер мен интернеттің зиянды әсерінен қорғауы тиіс.

Біздің бірлескен жұмысымыз – баланың үйлесімді және қауіпсіз дамуының негізі. Баланы шынайы және виртуалды өмірдегі қауіп-қатерден қорғау үшін басты құралдар – қарым-қатынас, сенім, белсенділік және қатысушылық.

Есіңізде болсын: мәселенің салдарымен күрескенше, оның алдын алған әлдеқайда тиімді.


#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni

Просмотров: 128


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст