"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу».

19.09.2025

Жылдың негізгі саяси оқиғасы – ел дамуының стратегиялық басымдықтарын айқындайтын Президенттің халыққа Жолдауы болып табылады. Жолдаудың мазмұндық өзегі – елдің даму қорытындыларын шығару, орта мерзімді және ішінара ұзақ мерзімді перспективаға арналған міндеттерді белгілеу.

2025 жылдың 19 қыркүйегінде Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауын талқылауға арналған педагогикалық ұжымның отырысы өтті.

Талқылаудың мақсаты – Президент Қ.К.Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауындағы негізгі ережелерді қоғамдық-саяси және экономикалық дамудың өзекті мәселелері тұрғысынан талдау.

Мектеп директоры Мусина Г.К. өз сөзінде Жолдауда қоғам дамуының барлық негізгі мәселелері қамтылғанын, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын, білім беру мен денсаулық сақтау саласын жақсартуға бағытталған шаралардың көрсетілгенін атап өтті. Мемлекет басшысы қойған міндеттер оның әрдайым көтеріп жүрген мақсаттарымен сабақтасып, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына, макроэкономикалық тұрақтылықты қалыптастыруға, инвестициялық саясатты және кәсіпкерлік жүргізу жағдайларын қайта қарауға, цифрлық активтер экожүйесін қалыптастыруға, өнеркәсіптік әлеуетті толық ашуға, сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын барынша орнықтыруға бағытталған.

Талқылау барысында Президент Жолдауында айтылған барлық бағыттар қарастырылды. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа Жолдауының негізгі бағыттарын одан әрі ілгерілету жөнінде пікір алмасу өтті. Ұжым 2025 жылды Жұмысшы кәсіптер жылы деп жариялау жөніндегі Президент бастамасын оң бағалап, Жолдаудың негізгі тәсілдерін қолдайтынын және оны жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni 

Просмотров: 247


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст