«Өркен» НАО ННПИБД хатының негізінде, балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында буллингтің, кибербуллингтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында, 2025 жылдың 19 қыркүйегінде сағат 11:00-де Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектебінде оқушылар арасында «Менің мектебім буллингке қарсы» флешмобы өтті.
Концепт: «Бірліктің күші мен рухтың қуаты».
Іс-шараның мақсаты: балалардың қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарасына қоғам назарын аудару; оқушылар мен педагогтарда антибуллингтік сана мен ойлауды қалыптастыру; мектеп қауымдастығында әлеуметтік маңызы бар міндеттер негізінде бірлікті және өзара әрекеттестікті нығайту.
Міндеттері:
оқушылар мен педагогтарда антибуллингтік сана мен ойлауды қалыптастыру;
кез келген зорлық-зомбылық түрін қабылдамауға белсенді қатысуға ықпал ету;
балалардың, жасөспірімдер мен жастардың құқықтық тәрбиесін бірлескен дайындық және биді орындау процесінде шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі іске асыру арқылы дамыту.
Мектеп ұжымы мен оқушылар жалпыұлттық флешмобқа белсенді қатысты.
#МояШколаПротивБуллинга2025
#МеніңМектебімБуллингкеҚарсы2025
#orken_instituty
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni