Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені қалыптастыру мақсатында әзірленген жоспарға сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектебінің «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Серікболат Н. «ҚР азаматының құқықтары мен міндеттері» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сағат өткізді.
Бұл іс-шара оқушылардың конституциялық құқықтары мен міндеттері туралы хабардарлығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында құқықтық сананы нығайтуға бағытталды.
Іс-шараның мақсаттары:
сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру: қоғамда кез келген деңгейде сыбайлас жемқорлықты қабылдамау атмосферасын құру;
құқықтық мәдениетті арттыру: ҚР Конституциясы мен заңдарында белгіленген азаматтардың міндеттерін түсіндіру;
азаматтық рөлді сезіну: әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және алдын алудағы рөлін айқындау.
Сағат барысында мына негізгі тақырыптар талқыланды:
Конституциялық құқықтар мен міндеттер: ең алдымен, Конституцияны, заңдарды сақтау және басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу міндеті;
сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік: ҚР заңнамасында көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы мәлімет;
антикоррупциялық мінез-құлық: сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен танысу және олардың сыбайлас жемқорлықты болдырмаудағы маңызы;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктері: азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолдана алатын әрекеттерін талқылау.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni