Жол қозғалысына қатысушылардың барлығы – жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де, жолаушылар да, ересектер де, балалар да – жол жүру ережелерін білуге және сақтауға міндетті.
Жол жүру ережелерін білу – жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) алдын алу, жолдағы барлық адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өмір мен денсаулықты сақтау, сондай-ақ қозғалыс тәртібін реттеу үшін қажет.
Ақмола облысы Шортанды ауданы білім бөлімінің Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз жол» сурет байқауы өтті.
Оқушылар белсенді қатысып, түрлі жол жағдайларын бейнеледі: бағдаршам ережелері, жаяу жүргіншілердің міндеттері, апатқа әкелетін оқиғалар. Барлық жұмыстар жарқын түстермен, әртүрлі бейнелеу техникасында орындалды.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың жол жүру ережелері жөніндегі білімдерін қалыптастыру, жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, өмір мен денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу.
Міндеттері:
ережелер мен белгілерді бекіту;
жолдағы жағдайды болжай білу қабілетін дамыту;
балалар мен педагогтар арасында жол қауіпсіздігін насихаттау;
жас суретшілердің өзін-өзі дамытуына жағдай жасау.
Жол қозғалысына қатысушылардың негізгі міндеттері:
🔹 бағдаршам белгілерін сақтау;
🔹 кедергі келтірмеу;
🔹 мұқият болу;
🔹 алаңдамау;
🔹 өзгелерді құрметтеу.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni