«Ізгі өмір – мөлдір бұлақ».
Өмірдің ізгі, бақытты болуы үшін түрлі құндылықтар қажет, солардың ішінде ең бастысы – денсаулық.
Бүгін Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың ауылдық учаскелік инспекторы, полиция майоры Самбетов Ж.Д.-мен кездесуі өтті. Кездесу барысында оқушылардың денсаулыққа, қауіпсіздікке және құқықтық тәртіпке деген жауапкершілікті көзқарасын қалыптастыруға бағытталған «Нашақорлыққа жол жоқ» атты профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Балалар психоактивті заттарды қолданудың теріс салдары туралы білді, денсаулықты сақтау жолдары мен өмірде дұрыс бағыт таңдаудың маңыздылығын талқылады. Нашақорлықтың зияны және оған неге «ЖОҚ» деп нақты айту қажет екені сөз болды. «Наркотик деген не? Олар неге қауіпті?» деген сұрақтар көтерілді.
Сұхбат соңында берілген ұсыныстар:
Өзіңізге сенімді болыңыз – егер біреу есірткі ұсынса, батыл түрде бас тартыңыз;
Есірткі бар орталардан аулақ болыңыз – өзіңізді салауатты өмір салтын ұстанатын адамдармен қоршаңыз;
Спортпен және шығармашылықпен айналысыңыз – ол қуаныш сыйлайды әрі белсенді, бақытты болуға көмектеседі;
Мәселе туындаса, жалғыз қалмаңыз – жақындарыңыздан, достарыңыздан немесе психологтан қолдау іздеңіз.
Наркотик – бостандыққа жол емес, ол тәуелділік пен күйреуге апарар даңғыл.
Күшті болыңыздар, салауатты өмір салтын таңдаңыздар, мақсат қойып, жетістікке ұмтылыңыздар!
Есірткіге нық «ЖОҚ» деп айтыңыздар!
Дені сау, бақытты адам ғана бұл кесапаттан азат. Өмірде қандай жағдай болмасын, позитивті ойлауды сақтап, бар жақсылыққа ұмтылыңыздар және алға қадам басыңыздар.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni