Ол кім?
Ең лайықтысы!
Талап етпе – бол!
Уәде берме – ісіңмен дәлелде!
Армандама – жүзеге асыр!
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде «МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ» атты сайлауалды науқаны басталды.
МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ – мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқаруының ең жоғарғы сайланбалы тұлғасы, оқушылардың мүддесін білдіретін және олардың құқықтарын қорғайтын өкіл. Мектеп Президенті – Мектеп парламентінің төрағасы болып табылады.
Мақсаттары мен міндеттері: тұлғаның адамгершілік негіздерін қалыптастыру, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын меңгеру, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруге деген ішкі қажеттілігін дамыту; мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқаруын құру мен дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау.
Мектеп Президентін сайлау – оқушының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделген. Белсенді сайлау құқығы – 5-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушылардың дауыс беру арқылы мектеп Президентін сайлауға қатысу құқығы. Оқушылардың сайлауға қатысуы – ерікті. Сайлаушылар мектеп Президентін сайлауға тең негізде қатысады және әрқайсысы бір дауыстан иеленеді. Барлығына сайлауға қатысу үшін тең құқықтар мен жағдайлар кепілдендіріледі.
Жас сайлаушыларымызға сәттілік тілейміз!
#Мектеп_парламенті
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni