Мектеп жүйесіндегі кәсіптік бағдар критикалық ойлауды, өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға бағытталған, бұл оқушыларға өзінің кәсіби траекториясын саналы әрі жауапкершілікпен таңдауға көмектеседі. Маңызды элементтердің бірі – оқушылардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтауға жәрдемдесу, бұл олардың болашақ кәсіби қалауларын жақсырақ түсінуге ықпал етеді.
Ақмола облысы Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылы «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ педагог-кәсіптік бағдар берушісі «Мамандықты дұрыс таңдаудың мәні неде?» тақырыбында кәсіптік бағдар сағатын өткізді.
5–7 сыныптарда кәсіптік бағдар жұмысының мақсаты:
оқушылардың танымдық тәжірибе алу мен кәсіби қызметке қызығушылығын дамыту арқылы жеке тұлғалық мағына қалыптастыру;
жеке қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін анықтау (өзіндік «Мен» бейнесін қалыптастыру);
әлеуметтік-кәсіби тәжірибенің әртүрлі салаларында: техника, өнер, медицина, ауыл шаруашылығы, экономика, мәдениет және басқа бағыттарда бастапқы тәжірибе жинақтау.
Кәсіптік бағдар сағатының негізгі кезеңдері:
«мамандық» ұғымын талқылау;
жеке қызығушылықтар мен қабілеттерді айқындау;
мамандықтардың алуан түрлілігімен және таңдау критерийлерімен танысу;
мамандық таңдаудың тек «модалы» немесе «престижді» ғана емес, сонымен қатар жеке мүмкіндіктер мен құндылықтарға сәйкес келуі керектігін түсіндіру.
Мамандық таңдаудағы бастысы – көмек қана емес, сонымен қатар оқушыларды өз бетінше мансап құруға ұмтылысында қолдау көрсету. Бұл оларға кәсіби болашағын айқындайтын, табысты еңбек қызметін қамтамасыз ететін шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
#Адалазамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni