Еліміздің электоралдық саясатын қалыптастырудың негізі – мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты қағидаты ретінде еркін сайлауды нақты айқындаған және халықты – егемендіктің иесі әрі оның жалғыз қайнар көзі ретінде бекіткен Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Ақмола облысы Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің қазақ, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері «Сайлау және елдің болашағы» тақырыбында диктант өткізді. Диктантқа 9-11 сынып оқушылары қатысып, өздерінің сауаттылығын ғана емес, маңызды тақырыпты түсінгендіктерін де көрсетті. Оқушылар тағы да көз жеткізді: әрбір дауыстың мәні бар, ал сайлауға қатысу – өз еліңнің болашағына қосқан үлес. Жас сайлаушылардың белсенділігі азаматтық жауапкершіліктің дамуына және саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Жастар өз рөлін түсініп, дауыс беру құқығын пайдалануы аса маңызды.
#Адалазамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni