Қазақстан тарихында отбасы мен оның әл-ауқаты әрқашан әрбір адамның өміріндегі ең басты құндылық болып саналды. Отбасы әрдайым әр буынды байланыстырушы рөл атқарып келеді. Ол қашанда қазақ халқының мәдени және рухани дәстүрлерінің сақтаушысы болған әрі солай болып қала береді.
Жоспарға сәйкес, Отбасы күніне орай Ақмола облысы Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ сынып жетекшілері, ата-аналар мен оқушылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында отбасылық экологиялық іс-шараға қатысты. Олар сенбіліктер, аулаларды тазалау барысында түсірілген фотосуреттер мен бейнероликтерді ұсынды.
Акцияның басты мақсаты – ауылымызды/аулаларды таза әрі әдемі ету және сөзсіз экология мәселелеріне, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың қажеттілігіне назар аударту. Бұл акция көптеген адамдарға өзеннің экологиялық жағдайын жақсартуға ниет білдіруде, қоғам назарын мәселеге аударуда үлгі бола алады. Табиғат сыйлаған байлықтарды қадірлеуге және онымен үйлесімде өмір сүруге үйретеді.
#Otbasym2025
#Адалазамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni