"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектептегі отбасына жүйелі қолдау: қауіпсіздік, инклюзивтілік және эмоционалдық әл-ауқат»

16.09.2025

2025–2026 оқу жылында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының (АПҚО) қызметі аясында отбасыларға тереңірек және нақты бағытталған қолдау көрсетуді көздейтін жаңа тәсіл енгізу ұсынылады. АПҚО 1.0 және АПҚО 2.0 бағдарламаларының жаңартылған мазмұнын пайдалану сабақтастықты, өзектілікті және тәрбиелеу мен ата-аналарды қолдау саласындағы заманауи сын-қатерлерге сәйкес келуді қамтамасыз етеді.

АПҚО жұмысы аясында Ақмола облысы Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2025–2026 оқу жылына арналған АПҚО жұмысын жоспарлау бойынша жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында іс-шараларды дайындау мен өткізуге қатысты мақсаттар, міндеттер және өткізу форматы талқыланды.

Бағдарлама тәрбиелік үдерістің негізгі қатысушысы ретінде отбасын жүйелі қолдау қажеттілігіне, сондай-ақ құрметке, саналыққа және ынтымақтастыққа негізделген позитивті ата-аналық мәдениетті дамытуға баса назар аударады. Эмоционалды тұрақтылыққа, қауіпсіздікке және инклюзивтілікке бағытталған модульдердің әзірленуі «Адал азамат» құндылық бағдарларын – адал, жауапты және қамқор азаматты қалыптастыруды бейнелейді.

Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі – бағдарламаға енгізілген әлеуметтік әділеттілікке және тең мүмкіндіктерге ұмтылысты көрсетеді. Орталықтың қызметі позитивті ата-аналық мәдениетті арттыру арқылы балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал етуге арналған.

Позитивті ата-аналық мәдениетінің мәні – баланы, оның қажеттіліктері мен сұраныстарын, мінез-құлқын терең түсінуде, тұлғаның толыққанды дамуына қолайлы жағдай жасауда жатыр.

#Адалазамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni

Просмотров: 44


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст