"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«2025–2026 оқу жылында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы

09.09.2025

ЦППР (ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығы) жұмысы барысында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде «2025–2026 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өтті. Сондай-ақ «Саналы ата-ана» аясында тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында оқушылардың ата-аналарымен кездесулер ұйымдастырылды.

Қойылған мақсаттар мен міндеттер:

  • Орта білім беру ұйымдарында білім беру технологиялары негізінде оқу үдерісін ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдармен таныстыру (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген).

  • Сынып ұжымы мен мектеп өміріне ата-аналарды белсенді қатыстыру.

  • Балалардың тәрбиесі мен мінез-құлқына ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

  • Балалардың физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық жасау.

Жиналыстар/кездесулер барысында мектеп өміріне, оқу-тәрбие үдерісіне, балаларды тәрбиелеу мен бірлесіп мәселелерді шешуге қатысты маңызды сұрақтар, мектеп Жарғысының ережелері, мектеп формасы туралы қағида талқыланды.

Ақпараттық бағыт: ата-аналарға мектептегі жағдай, жұмыс қорытындысы, жаңа бағдарламалар мен жоспарлар жөнінде жалпы ақпарат беру.
Тәрбиелік бағыт: балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерін бірлесіп шешу, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру.
Ынтымақтастық: ата-аналар, мұғалімдер мен әкімшілік арасындағы байланысты нығайту, ата-аналар қауымдастығының бастамасын дамыту.
Басқарушылық: ата-аналар кеңесінің мүшелерін сайлау, оқушылар мен ата-аналардың мүддесіне қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.

Маңызды шешімдер мен негізгі мәселелер жиналыс хаттамасында көрініс тапты. Оқушылардың күн тәртібін ұйымдастыру, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді. Мұндай іс-шаралар отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестікті үйлестіруге, сондай-ақ негізгі мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қызмет етеді.

#Otbasym2025
#Адалазамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni

Просмотров: 184


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст