"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан халқы тілдері декадасы»

09.09.2025

Тілдер мен мәдениеттердің бірлігі – егеменді республиканың қуаты, болашақты құруға болатын берік тұғыры. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы ана тілін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқылы. Тіл – халықтың бақыты, ол ұлттардың бірігуіне және ынтымағына әсер етеді. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынасты байланыстыратын құрал әрі тірек.

Қазақстанда жыл сайын 5 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Қазақстан халқы тілдері декадасы» атап өтіледі. Бұл мереке елде тұратын барлық ұлттардың тілдері мен мәдениеттерінің алуан түрлілігіне деген құрметтің символы болып табылады.

«Ұлт тірегі – тіл» онкүндігі аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебінде онкүндіктің салтанатты ашылу жиыны өтті. Линейка барысында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндіктің ресми ашылуы болды. Жүргізушілер үш тілде құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі. Мектеп оқушылары музыкалық нөмір орындады.

Тілдерді дәріптеуге бағытталған түрлі іс-шаралар жоспарланған: конкурстар, викториналар, тақырыптық көрмелер, дөңгелек үстелдер және т.б. Барлық іс-шаралар жасалған жоспарға сәйкес өткізіледі. Мақсат – Қазақстан халқының тілдері мен мәдениеттеріне құрмет пен ұлтаралық келісімді нығайту. Тілдер күні – ел азаматтарының достығының, туыстығының және бірлігінің белгісі. Тілдерді үйреніңіздер, олар қазіргі қоғамда өте маңызды. Елдегі тіл саясаты мен оның жүзеге асырылуы әрбір адамның мәдениетіне және халықтар достығына байланысты!

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni

Просмотров: 192


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст