1 қыркүйек күні Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылының «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де дәстүрлі форматта «Мектебім – мейірім мекені» атты Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты іс-шараның мақсаты – оқушыларда білімге құштарлықты, патриотизмді, еңбекқорлықты, жауапкершілік пен өзара құрметті қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік, шабыттандыратын атмосфера құру, сондай-ақ жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру.
Міндеттері: оқушыларға патриотизм, құрмет пен азаматтық сананың құндылықтарын дарыту; өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру; қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерімен таныстыру.
Салтанатты шараға Жер қатынастары бөлімінің басшысы Қантаев Нұрсұлтан Болатұлы, білім бөлімі әдіскері Долинская Тамара Александровна, Жолымбет ауылының әкімі Әуезханов Еркін Үсембайұлы, мектеп педагогтары, педагогикалық еңбек ардагерлері, 1-сынып пен 11-сынып оқушылары және ата-аналар қатысты.
Мереке мектептің сәнді безендірілген акт залында өтті. Салтанатты іс-шара барысында 1-сынып оқушылары өнер көрсетті, 11-сынып түлектері бірінші сынып оқушыларына ақ тілектерін айтты, қонақтар, мектеп директоры мен ата-аналар құттықтау сөз сөйледі. Осы оқу жылындағы алғашқы қоңырау соғу құрметі 11-сынып оқушысы Баймағамбетов Алиханға және 1-сынып оқушысы Гончар Миланаға берілді. Барлықтарыңызға сәтті де жеңіл оқу жылын тілейміз!
#Bilim_quni
#Mektebim_meirim_mekeni
#Адалазамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni