5 қыркүйек – Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған Қазақстан халқы тілдері күні.
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Тілім менің – ғасырларға аманат» атты жоспарға сәйкес бірқатар іс-шаралар өтті: «Менің тілім – менің байлығым» атты әңгіме сағаты, «Әліпби әлемі» өлеңдер мен суреттер байқауы, Қазақстан халықтарының әртүрлі тілдерінде ертегілерді сахналау, Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқу, «Сөздің мәйегі» мәнерлеп оқу байқауы, «Халық тілдері – ел байлығы» интеллектуалды ойыны, «Тіл мен мәдениет – достық көпірі» атты сынып сағаты, «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» тарихи-әдеби кеші, «Тіл тағдыры – ел тағдыры» пікірталасы, «Менің тілім – болашағымның кепілі» эссе-байқауы, «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап көрмесі.
Мақсаты: мемлекеттік және ана тілдеріне құрмет сезімін қалыптастыру; Ахмет Байтұрсынұлы мен Абай Құнанбайұлының мұрасымен таныстыру; қазақстандық қоғамдағы көптілділік пен көпмәдениеттілікке толеранттылық пен құрмет сезімін тәрбиелеу; оқушылардың туған өлке тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыру.
Іс-шаралар барысында тіл мен әдебиеттің дамуына қосқан үлесі, еңбектері, тұңғыш әліппесімен танысу, бірлік пен ағартушылықтың маңызы жайлы қанатты сөздер талқыланды.**
#Тілім_менің
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni