Текст
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұл жалпыұлттық міндет. Мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын құру арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаменті мен Шортанды ауданы әкімдігінің хаты негізінде "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентінің 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де мектептің педагогикалық ұжымы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бейнероликтер көрсетілді.