22.01.2026
«ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы «Буллингтен қорған / Защита от буллинга» аясында, «Заң және тәртіп» айлығы кезінде, жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу, төзімді мінез-құлық қалыптастыру және қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін дамыту мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де сынып жетекшілері келесі іс-шараларды өткізді: «Әрқайсымыз бірегейміз» / «Біздің жүректер мозаикасы»; «Қақтығысты басқару өнері» / «Цифрлық әлемдегі шекаралар».
Іс-шаралардың мақсаты: білім беру ортада буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, оқушыларда сыйластықпен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, жеке шекараларды қорғау және қақтығыстарды конструктивті шешу қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
«Буллинг» ұғымын және оның салдарын түсіндіру;
Эмпатия, өзін-өзі құрметтеу және жеке ерекшеліктерді қабылдау дағдыларын дамыту;
Буллингке қарсы әрекет ету және көмек сұрау жолдарын үйрету;
Қақтығысты басқару және жеке шекараны сақтау дағдыларын қалыптастыру, соның ішінде цифрлық ортада;
Балалар ұжымында психологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Әңгімелер әр адамның жеке ерекшеліктеріне құрметпен қарауды қалыптастыруға, эмпатияны дамытуға, адамдар арасындағы айырмашылықтарды позитивті қабылдауға, қақтығыстарды конструктивті шешу дағдыларын дамытуға, өз сезімін білдіру және жеке шекараларды қорғау қабілеттерін дамытуға бағытталды. Арнайы назар интернеттегі қауіпсіз қарым-қатынасқа, цифрлық мінез-құлыққа жауапкершілікке және кибербуллингтің алдын алуға аударылды.
Іс-шара нәтижесінде оқушылар:
Буллинг пен кибербуллингтің түрлері мен белгілері туралы түсінік алды;
Жеке шекараға құрметпен қараудың және басқалардың даралығын қабылдаудың маңыздылығын түсінді;
Қақтығыстарды басқарудың негізгі дағдыларын меңгерді;
Буллинг жағдайында қайда көмек сұрауға болатынын білді.
Өткізілген іс-шаралар өзекті және тиімді болып табылады. Олар қауіпсіз оқу ортасын қалыптастыруға және деструктивті мінез-құлықтың алдын алуға ықпал етеді.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНЖӘНЕТӘРТІПАҚМОЛА