Оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және олардың қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында профилактикалық жұмыстар аясында Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Жол қозғалысы ережелерін білетіндер» және «Көшеде, жолдың жүріс бөлігінде, тротуарда, көлікте қауіпсіз жүріс ережелері» тақырыптарында қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
Іс-шара барысында педагогтар оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау маңыздылығы мен әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндірді. Oқушылардың көшеде және көлікте қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Оқушылар жол қозғалысының негізгі ережелерімен танысып, жол белгілерінің және бағдаршам сигналдарының міндетін қайталады; көшеде, аулаларда, жолдың жүріс бөлігінде қауіпсіз жүріс-тұрыс тәсілдерін талқылады; жиі кездесетін қауіпті жағдайларды және олардың алдын алу жолдарын қарастырды; қоғамдық көлікте өзін ұстау ережелерін пысықтады; жол қауіпсіздігіне жауапты ГАИ инспекторлары мен басқа да қызметтердің рөлі туралы білді; теориялық білімді бекітуге бағытталған интерактивті тапсырмаларға, викториналарға және жағдаяттық жаттығуларға қатысты; көлікке міну, қозғалу және шығу кезіндегі қауіпсіздік бойынша ұсыныстар алды.
Сонымен қатар оқушыларға серуендеу, қоғамдық іс-шаралар және елді мекен ішінде өздігінен қозғалу кезінде тәртіп сақтаудың маңыздылығы ескертілді. Қауіпсіздік сабақтары оқушылардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын және күнделікті өмірдегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын бекітуіне ықпал етті.
Зейінділік, сақтық және жол қозғалысы ережелерін білу жазатайым жағдайлардың алдын алып, денсаулықты сақтауға көмектеседі.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА